Мазмұнға өту
Рус · ҚазЖобаны талқылайықТалқылайық

Жобаңызға қандай құжат керек: бизнес-жоспар, ТЭН, қаржылық модель немесе меморандум

Жаңартылды 16.11.2026 · ~1 мин оқылады

Қысқаша. Несие алуға не қаржыландыруға қандай құжат керек екенін жобаны кімге тапсыратыныңыз анықтайды. Төмендегі кестеден өзіңізге керек жолды тауып, жоба сомасын салыстырыңыз.

Таңдау кестесі

Қайда тапсырасызНе керекТолығырақ
Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ), қарыз 15 млрд ₸-денА-021 нысанындағы бизнес-жоспар (ТЭН) және Excel-дегі қаржылық модельҚДБ
Өнеркәсіпті дамыту қорыА-090 нысанындағы ТЭН не бизнес-жоспар және Excel модельӨнеркәсіпті дамыту қоры
Коммерциялық банк (сома 15 млрд ₸-ден кіші)инвестициялық несиеге банктің өзі беретін тізіминвестициялық кредит
Инвестициялық преференцияоңайлатылған инвестициялық келісімшартқа өтінімге бизнес-жоспар қоса беріледіпреференциялар
Инвесторбизнес-жоспар, қаржылық модель, инвестициялық меморандуминвесторға

«Даму» қорының бағдарламалары мен шағын жобалар туралы бөлек сайтта жазылған.

Үш құжаттың айырмасы

Бизнес-жоспар жобаны толық сипаттайды, ТЭН техникалық шешім мен салымның тиімділігін негіздейді, қаржылық модель ақшаны Excel-де есептейді. ҚДБ мен Өнеркәсіпті дамыту қорында бизнес-жоспар мен ТЭН бір құжат, ал модель бөлек файлмен беріледі. Жеке жобаға бірыңғай нысан жоқ, сондықтан банкке не институтқа қандай құжат керек екенін соның өзі айтады.

fx=ҚҰЖАТ(қайда; сома)қадам 1 / 2
ҚАДАМ 1Қайда тапсырасыз
ҚАДАМ 2Жоба сомасы

Құжатты қайда тапсыратыныңызды, содан кейін жоба сомасын таңдаңыз.

Қандай құжат керек екені белгісіз болса

Жоба сомасын және оны кімге тапсырғыңыз келетінін жазыңыз: сізге қандай құжат керек екенін бірге анықтаймыз. Сол тараптың талабы бойынша бизнес-жоспарды, ТЭН-ді не қаржылық модельді дайындаймыз, ескерту келсе, түзетеміз. Қаржыландыру туралы шешімді банк, институт немесе инвестор шығарады.

Жобаңызды талқылап, қандай құжат керек екенін айтамызЖоба мен сома туралы айтыңыз. Хабарласып, бірнеше сұрақ қойып, қандай құжат керек екенін айтамыз.
Жұмыс уақытында хабарласып, жоба туралы бірнеше сұрақ қоямыз

Жазған ыңғайлы ма? WhatsApp · +7 700 556 18 37

Сұрақ-жауап

Бизнес-жоспар мен ТЭН бір құжат па?

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) мен Өнеркәсіпті дамыту қорында іс жүзінде иә: нысандары «Бизнес-жоспар (ТЭН)» және «ТЭН/бизнес-жоспар» деп аталады. Қаржылық модель оған бөлек Excel файлымен беріледі.

Жобам 15 млрд ₸-ден кіші. Не істеймін?

ҚДБ-ның инвестициялық жобаға беретін қарызы 15 млрд ₸-ден басталады. Жоба одан кіші болса, коммерциялық банктің инвестициялық кредитін қарап, банктен құжаттар тізімін сұраңыз.

Банк құжатты ескертумен қайтарса не істеу керек?

Банктің ескертулерін жіберіңіз: олар қай бөлімге, қай есепке қатысты екенін анықтап, құжатты түзетеміз.

Деректер көздері

  1. Қазақстанның Даму Банкі, «Инвестициялық жобалар» беті: қарыз шарттары, кезеңдер және құжаттар — тексерілді 2026-11-15
  2. Өнеркәсіпті дамыту қоры, А-090 нысаны: ТЭН/бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар — тексерілді 2026-11-16
  3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, 292-бап: оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа өтінімге бизнес-жоспар — тексерілді 2026-11-16

Тағы оқыңыз

ӨТІНІМ

Банк жобаңызға бизнес-жоспар сұрап отыр ма?

Жұмыс уақытында хабарласып, жоба туралы бірнеше сұрақ қоямыз

Жазған ыңғайлы ма? WhatsApp · +7 700 556 18 37